СҚО-да 26 тіс емдеу мекемесі МӘМС аясында қызмет көрсетеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың 51 емдеу мекемесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында қызмет көрсетеді. Соның 26-да өңір тұрғындары тегін тіс емдей алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тісті тегін емдеу мүмкіндігіне ие азаматтардың қатарына 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер және зейнет жасындағы тұрғындар кіреді.

Тегін стоматологиялық қызмет көрсететін 26 емдеу мекемесінің ішінде 18-і мемлекеттік, 13 аудандық және 3-і қалалық емхана бар. МӘМС жүйесі аясында стоматологиялық қызмет барлығына бірдей қолжетімді емес.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының мәліметінше, өңірде 534 мың адам тұрса, соның 81,4 пайызы ғана медициналық сақтандырылған. Ал сақтандырылмағандар саны 99 мыңнан асып жығылады.

– Облыста және елімізде стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тізімін «fms.kz» ресми сайтынан табуға немесе емхананың өзінен білуге болады. Тегін стоматологиялық қызмет алу үшін жолдаманың қажеті жоқ екенін ескертемін. Ең бастысы, науқас МӘМС-те стоматологиялық көмек алушылардың санатында болуы тиіс, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ СҚОФ директоры Лариса Гордеева.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының мамандары азаматтарды қызықтырған кез келген сұрақтарға жауап береді. Өтініштер «fms.kz» сайтында, «qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы немесе 1406 нөмірімен қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz