СҚО-да мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндер қатары өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл сайын өңірде қазақ тілін үйренем деушілер қатары өсіп келеді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен алқалы жиында імәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының жетекшісі Досбол Әбдірісов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Досбол Әбдірісовтің айтуынша, жыл сайын облыстық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларының саны артуда. Егер 2020 жылы мемлекеттік тілді игеруге 2,4 мың адам құлшыныс танытса, қазіргі уқытта олардың саны 2,6 мыңға жуықтады.

– Облыс аудандарында және Петропавл қаласында жергілікті бюджет қаражатына өңірде тұрып жатқан халықтың тілдерін үйретуге 71 топ жұмыс істеп келеді. Оның ішінде 61-і қазақ тілін оқыту үшін ашылған, — деді Досбол Әбдірісов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz