Петропавлда полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтарды тексерді  

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері «Есептегі тұлғалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Рейдтердің мақсаты – бұрын сотталғандар мен түрлі есептерде тұрған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қ. ПБ бастығы Ербол Тайбековтың мәліметінше, облыс орталығында бүгінгі таңда 13 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында бір күннің ішінде «Береке» шағындаунында 100-ден астам есепте тұрған азамат тексерілді. Оның 51-і маскүнем және 16-сы бұрын сотталған. Барлығы 71 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Шара кезінде учаскелік инспекторлар азаматтық қару иелерін тексеруге баса назар аударды. Бұл ретте ұсақ-түйек жайттар орын алған жоқ. Нәтижесінде қару ұстау құқығы бар 37 тұрғын тексеріліп, 2-уінде азаматтық және қызметтік қару айналымы ережелерін бұзу фактісі анықталды.

Тексерулермен қатар полицейлер қала тұрғындары арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жеке түсініктемелер жүргізді, учаскелік полиция инспекторларының жадынамаларын, ақпараттық парақтарын таратты. Осыған ұқсас жұмыс Петропавл қаласының барлық аудандарында өтеді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz