«SOS» түймесінің көмегімен бір қылмыс ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жеті «SOS» түймесі жұмыс істейді, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бүгінгі таңда халық үшін полициямен әртүрлі байланыс арналары құрылған. Кез келген азамат қоңырау шала алатын «102» нөмірі, СМС-хат жолдайтын алатын «102» мобильді қосымшасынан бөлек, Петропавлда «SOS» түймесі де жұмыс істеп келеді. Қаланың шағынаудандарында қойылған қондырғылардың көмегімен тұрғындар кез келген уақытта тәртіп сақшылардың көмегіне жүгіне алады.

Петропавлда бұл қондырғылар 2021 жылы орнатыла басталды. Сол уақыттан бері арнайы түймелердің көмегімен жедел басқару орталығына 7 шақырту түсті. Нәтижесінде қала тұрғынын тонаған азамат ұсталып, екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СҚО полиция департаментінде атап өткендей, «SOS» түймелері қоғамдық орындарда қауіпсіздіктің алдын алу және қауіпсіздікті ұйымдастырудың қосымша шарасы саналады. Телефон сөніп тұрған сәтте және уақыт тығыз жағдайда полицияға қоңырау шалу үшін көп көмегін тигізеді. Полиция қызметтерінің қол жетімділігі, цифрландыру, процестерді автоматтандыру — адамның қажеттіліктеріне бағытталған жұмыстың сервистік моделін құрудың негізгі факторларының бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz