«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш күнде еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысымға байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады.
— Республиканың орталығында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, негізінен қар болжанады. 16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, – дейді синоптиктер.
Республика бойынша тұман түседі.
— Температуралық фонға келетін болсақ, мұнда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендейді, — «Қазгидромет» РМК