Еліміздің кейбір өңірінде қатты жауын-шашын болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Синоптиктер 2023 жылғы 16-18 наурыз аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Болжам бойынша, Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш күнде еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысымға байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады.

— Республиканың орталығында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, негізінен қар болжанады. 16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, – дейді синоптиктер.

Республика бойынша тұман түседі.

— Температуралық фонға келетін болсақ, мұнда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендейді, — «Қазгидромет» РМК

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz