Мектеп оқушыларының көктемгі каникул мерзімі белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Оқу-ағарту министрлігі көктемгі демалыстың мерзімін жариялады: олар 9 күнге созылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурызын қоса алғанда 9 күнге созылады, — делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:

1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 апта, көктемгі үзіліс – 9 күн (18-нен 26 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан — 10 апта;

1-сыныпта қосымша демалыстар – 7 күн (6-12 ақпанды қоса алғанда).

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz