СҚО полицейлері оқушыларға жол реттеушісінің белгілерін үйретіп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында «Бала және бағдаршам» акциясы аясында полицейлер оқушыларды жол реттеушісінің қимылдарын түсінуге үйретіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі демалыс және жаз мезгілі қарсаңында өңірде Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Бала және бағдаршам» республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шара аясында полицейлер балалар мен олардың ата-аналарымен жол қозғалысын түсіндіру бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

Оған себеп те жоқ емес. СҚО-да соңғы екі айда балалардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір бала мерт болды, бесеуі жарақат алды.

Петропавлдағы № 17 орта мектептің 5-сынып оқушылары акция аясында полиция реттеушісінің қимылдарын түсініп үйренді.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Жангелді Қоржыбаев балаларға жол қозғалысын қамтамасыз етудің негізгі ережелері туралы түсінікті етіп айтып берді.

Сондай-ақ кездесу барысында оқушыларға түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз көшеде жалғыз жүруге болмайтындығы, ұсақ бұзақылық үшін қандай жаза қарастырылғаны айтылды.

— Күннің жылуымен көшедегі көлік ағыны арта түспек, ал, көктемгі, жазғы демалыста аулалар мен жолдарға балалар шығады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында біз ұстаздармен бірге осындай профилактикалық іс-шараларды өткіземіз. Байқағанымыз, тек балалар ғана емес, ересектер де жолда күтпеген мінез танытып, жол ережесін бұзады. Сондықтан ата-аналарды балаларына үлгі болып, жол тәртібін сақтауды шақырамыз, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 3 адам қаза тауып, 62 адам жарақат алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz