СҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны полицияға заңсыз сақталған оқ-дәрілерді тапсырды, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл тұрғыны заңсыз сақталған 7 шағын калибрлі оқ-дәрілерді тапсыру үшін өз еркімен полицейлерге жүгінді. Қауіпті заттар алынып, сараптамаға жіберілді. Тәртіп сақшылары қала тұрғынының іс-әрекетінде басқа қылмыс құрамы бар-жоғн тексерген соң, оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен толығымен босатылатын болады. Аталған факт 15 наурызда бастау алған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тіркелді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында екі күннің ішінде оқ-дәрілерді және қаруды заңсыз сақтаудың екі фактісі анықталды. Наурыздың 15-нен бастап  есепте тұрған 1477 адам тексерілді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату режімін бұзудың  12 дерегі және отбасылық жан-жалқойларға қатысты сот шығаратын ерекше талаптардың бұзылғанына қатысты 11 факті тіркелді.

Ал отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттердің 34 жағдайы тіркелді.

– Екі күн ішінде 818 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетіндердің қатарында — ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу. Жұмыс барысында 54 адам уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына жеткізілді. Тәжірибе көрсеткендей, алкогольді асыра пайдалану – маңызды криминогендік факторлардың бірі. Сондай-ақ екі тәулік ішінде полиция қызметкерлері алты мас жүргізушіні тоқтатты, – деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

«Құқықтық тәртіп» акциясы аясында іздеуде жүрген 16 адам және есірткі заттарын заңсыз пайдаланғаны үшін 4 адам ұсталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz