Облысымыздың оқушылары республикалық пікірсайыс турниріне қатысып, «Үздік делегация» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Наурыздың 15-сі мен 16-сы күндері аралығында республикалық пікірсайыс Павлодар қаласында өткен болатын. Білім додасы Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Өңір намысын Е. Бөкетов атындағы мектеп-гимназияның «Парасат» дебат клубының мүшелері қорғады.
Павлодарға өңір атынан аталмыш мектептің екі командасы «Алаш ізбасарлары» және «Бөкетов ұландары» аттанған болатын. Пікірсайысқа барлығы еліміздің барлық аймақтарынан 48 мектептің өкілдері қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте «Үздік делегация» аталымы солтүстікқазақстандық командаларға бұйырды.