312
Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында 30-дан астам жақын туыстары сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Үсен Худайбергеновтің отбасы еліміздің солтүстігіне Өзбекстаннан 10 жылдан астам уақыт бұрын көшіп келген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауыл тұрғындары сайлауға балаларымен келді. Бір ерекшелігі барлығы ұлттық киім киіп келген.
Бұл біз үшін өте маңызды күн. Сол себепті мерекеге келгендей, киініп келдік. Мұнда климат суық болса да, жанымызда жылулық бар. Бұл біздің тарихи Отанымыз болғандықтан еліміздің жарқын болашағы үшін өз дауысымызды беруге келдік, — дейді отбасы өкілі Гүлжанат Төлебаева.
Қызылжар ауданында 62 сайлау учаскесі бар. Ауданның 31579 тұрғыны дауыс беруге құқылы.