Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл осы сәтте Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды. Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 146 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.

Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санайды. Қазақстанның 62 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесі ашылған болатын. Олардың 11-і Астана уақытымен сағат 18-00-де жұмыстарын аяқтады. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады.

Ел бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz