Солтүстік Қазақстан облысында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күнінде 13 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Наурыздың 19-ы күні 7 ұл және 6 қыз бала туды. Қазіргі уақытта дүниеге келген 13 нәрестенің денсаулықтарына алаңдауға еш негіз жоқ, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Сәлімхан Сәбитов.
Облыстық перинаталдық орталықта дәрігерлердің қарауында 62 әйел жатыр. Барлығы саяси науқанда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Ел бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күнінде 609 бала туса, оның 312-і ұл, 297-і қыз және бір егіз.