Алматыда волейболдан қыздар арасындағы ел біріншілігінің плей-офф ойындары өтуде. «Қуаныш» клубы павлодарлық «Ертіс» командасымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Плей-офф ойындарының ережесіне сәйкес, келер кезеңге өту үшін командалар екі жеңіске қол жеткізулері қажет. Алғашқы кездесудің бірінші сетінде «Ертіс» бұрымдылары жерлестерімізді 25:23 есебімен жеңсе, екіншісі 25:17, үшінші бөлім 25:16 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Қорытынды есеп 3:1. Қарымта ойын бүгін сағат 17:30-да жоспарланып отыр.