СҚО-ДА ҚОҚЫС ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНУЫ МҮМКІН 

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қоқыс өңдеу зауыты салынуы мүмкін. Себебі қала іргесіндегі Бескөл және Бәйтерек ауылы маңындағы қатты қалдықтарды төгетін полигон, бірнеше жылдан бері заңсыз жұмыс істеп келген. Яғни ол Петропавл халықаралық әуежайынан небәрі жеті шақырымдай жерде орналасқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Талап бойынша ол  стратегиялық нысаннан 15 шақырым қашықтықта болуы шарт. Сот аталған полигонды жабу туралы шешім шығарды. Енді жергілікті билік мәселені түбегейлі шешу үшін шетелдік инвесторларды іздестіріп жатыр.

 — Ауданымыздың солтүстік бөлігінде ауылдар орналасқан. Оңтүстігінде мемлекеттік қорық бар. Ал батыста – Есіл бассейні болса, шығыста -әуежай. Сондықтан кұрмеулі мәселені тарқату үшін бірнеше нұсқасын қарастырып жатырмыз. Солардың бірі –қоқыс өңдеу зауытын салу. Қазір Ресей және Белорусь елдерінің кәсіпорындармен арнайы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жоба құны шамамен -600 миллион теңгеден басталады,-дейді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шакубаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz