«Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілді

Авторы: Qyzyljar News

Зейнет жасына таяп қалған жандар мен зейнеткерлерге жұмыс табу оңай емес. Сұранысқа ие мамандықтарды игеріп жатқан жастармен бәсекелесу қиын. Сондықтан, елімізде аға буын өкілдеріне арналып «Күміс жас» жобасы іске қосылды. Мақсат – зейнет жасына жақындап қалған жандарды қолдау және еңбекпен қамту. Бұл жоба өткен жылы бастау алған. Биыл оған өзгерістер енгізіліпті. деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz сайтына сілтеме жасап.

– Үстіміздегі жылы жобаға өзгерістер енгізілді. Мәселен, оған 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар қатыса алады. Енді олар жастармен қатар жұмысқа орналасады. Қатысу мерзімі 12 айдан 3 жылға дейін ұзартылды. Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмысберуші жұмыссыз адамды кем дегенде 1 жылға, ал зейнеткерлік жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті,-дейді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бас маманы Гүлдана Бектұрғанова.

Бұған дейін «Күміс жас» жобасына 60 жастан асқан жандар қатысатын. Биыл жас шегі 50 жасқа дейін төмендетілді. Осылайша, қатысушылар аясы кеңейтілді. Наталья Толстенко – осы жоба аясында жұмыс тапқандардың бірі. Ол жуырда кеңсе маманы болып жұмықса қабылданды. Нәзікжанды 55 жаста, мамандығы бойынша математика мұғалімі екен. Соңғы 15 жыл нотариуста еңбек еткен. Бірақ, пандемия кесірінен жұмыссыз калған.

– Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына, оның ішінде «Күміс жас» жобасына қатысқысы келетін жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша кеңес алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады немесе Электрондық еңбек биржасы порталында таныса алады. Сондай ақ, жұмыс берушілерді осы жобаға қатысуға және мемлекеттің қолдауымен уақытша жұмыс орындарын құруға шақырамыз. Ол үшін электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинет арқысы өтініш беру қажет,-деп толықтырды Гүлдана Бектұрғанова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz