СҚО-да ауыл тұрғындары Наурыз мейрамын тойлады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шал ауданының Бірлік ауылында Наурыз мейрамында ұлттық ойындар ойнатылып, елді мекен тұрғындарымен концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бірлік ауылындағы мерекелік шараға Шал ақын ауданының Жаңажол, Жаңаталап, Кеңес және Есіл ауданының Николаевка елді мекендерінің тұрғындары қатысты.

Ауылдықтар ұйымдастырған Наурыз мейрамында ересектер жаппай көкпар, қаппен жүгіру, арқан тарту, белбеу күресі, гір көтеруден бақтарын сынаса, жасөспірімдер мен қыз-келіншектер тоғызқұмалақ, дойбы ойындарынан жарысты.

– Биыл ауыл халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдық көрсетті. Елді мекен тұрғындары қаражат жинап, барлық ақшаны ойындарда жеңімпаз атанғандарға берді. Келер жылы осы дәстүр жалғасын табатынына сенімдімін, — дейді ауыл тұрғыны Қайсар Шалабаев.

Арқан тарту, қаппен жүгіру, белбеу күрес, гір көтеру, тоғызқұмалақ пен дойбыдан жеңімпаз атанғандарға 5 мың теңге көлемінде сыйақы берілсе, екінші орынды иеленгендерге 4 мың теңге берілді. Ал мереке көркін қыздырған жаппай көкпарға 30-ға тарта көкпаршы қатысты. Жарыс барысында жалпы 18 салым жасалды. 17-і спортшыға 5 мың теңге табысталса, ойынды қорытындылаған «өгіз өлдіге» 12 мың тігілді.

whatsapp image 2023 03 21 at 16.32.04

Осымен Бірліктегі Ұлыстың ұлы күнін тойлау шарасы шектелмеді. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ауылдың асханасында мерекелік ас берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz