Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды, ал коронавирус белгілері бар пневмонияны бірде-бір адам жұқтырмаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
23 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (1 625+ және 170 КВИ-), олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
5 адамның жағдайы ауыр;
1 пациенттің жағдайы өте ауыр;
2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.