СҚО-ның экономика саласында өсім байқалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындада өнеркәсіп өндірісінің көлемі–17,2, негізгі капиталға салынған инвестициялар –13,4, құрылыс жұмыстары – 4,3, ауыл шаруашылығы өнімін шығару 4,1 пайызға  өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы облыстық департаментіне сілтеме жасап.

Негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі – 30,8 млрд. теңге. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты (инвестициялардың жалпы мөлшерінің 57,9 пайызы) негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі болып қалып отыр.Негізгі капиталға құйылған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар: ауыл, орман және балық шаруашылығы (57,8%), өнеркәсіп (19,9%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (8,2%), көлік және қоймалау (7,1%.)

Екі айдың ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 32,7 млрд. теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлері бойынша тірідей салмақта 18,9 мың тонна ет өткізілді, 47,9 мың тонна сүт сауылды, 86,9 млн. дана тауық жұмыртқасы алынды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  83 млрд. теңге болды. Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі –0,7 млрд., өңдеу өнеркәсібінде – 65,5 млрд., электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда–13,7 млрд., сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша—3,1 млрд. теңге.

Тамақ өнімдерінің өндірісі 19,9 пайызға, оның ішінде үй құсының жас, тоңазытылған және мұздатылған еті – 2,4, ет және тағамдық қосымша өнімдер–2,1, тазартылмаған өсімдік майы – 1,7, ауыл шаруашылығы малдарына дайын азық – 1,5 есеге, сары май және сүт өнімдері  24,3 пайызға өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 млрд. теңгеге орындалды, тұрғын емес ғимараттар құрылысының үлесі басым. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы — 9775 шаршы метр. 1 шаршы метр пайдалы алаңға жұмсалған шығын—136,9 мың теңге.

Бөлшек сауда көлемі 45,9 млрд. теңгеге жуықтады. Онда азық-түлік тауарларының үлесі – 43,7, азық-түлік емес тауарлар–56,3 пайыз. Көтерме сауда көлемі 61 млрд. теңгеге жетті.  Оның құрылымында азық-түлік емес және өндірістік-техникалық тауарлар үлесі көп (83,5%.).

Алдын ала деректер бойынша қаңтар айында ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 35,4 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт–8 млн. АҚШ доллары (15,5%-ға артық), импорт–27,4 млн. АҚШ доллары (15,8%-ға  кем).

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz