Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы жедел жасағының құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бөлімшенің негізгі міндеттері – жедел-іздестіру және криминалдық фактілерді ескерту немесе алдын алуға байланысты өзге де іс-шараларды жүргізу кезінде күштік қолдауды қамтамасыз ету. Бөлімше қызметкерлері тұрақты жауынгерлік дайындықта екенін айта кеткен жөн. Олар арнайы және дене шынықтыру дайындығын әрдайым арттырып, кез келген уақытта ең күрделі міндеттерді шешуге қатысуға дайындалады. Арнайы жедел жасақтың инспекторлары республикалық қана емес, халықаралық деңгейдегі спорттық турнирлерде полицияның намысын үнемі қорғайды.
Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жеке құрамды құттықтай отырып, ЖҚАЖ қызметкерлері мен ардагерлерге қызметі үшін алғыс айтып, бұл бөлімше ең күрделі міндеттерді шешуде сенімді тірек екенін атап өтті. “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық медальдарымен жеке құрамның қошеметімен үш офицер марапатталды. Сондай-ақ полиция департаментінің грамотасымен жеті қызметкер, бөлімшенің бес ардагері Алғыс хаттармен марапатталды. Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 60-тан астам инспекторына алғыс жарияланды.
Салтанатты жиын үрмелі оркестр мен облыстық полиция ведомствосының мәдени орталығының вокалдық тобы дайындаған концертпен аяқталды.