Конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды

Авторы: Qyzyljar News

Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Шешуші жарыс күні 1500 метр мен масс-стартта үздіктер анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әйелдер арасында 1500 метрде елордалық Алина Дауранова қарсылас шақ келтірген жоқ. Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алёне Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге қол жеткізді. Ерлер арасында Вадим Якубовский (Қостанай облысы) чемпион атанса, Роман Биназаров (Қостанай облысы) пен Михаил Глущенко (Алматы) одан кейінгі орындарды өзара бөлісті.

Ұлттық құрама спортшысы Алина Дауранова масс-стартта да мәреге бірінші келді. Күміс және қола жүлдені Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері Кристина және Алина Шумековалар иеленді.

– Бұл маусымда барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырыстым. Алғаш рет ересектер арасында сынға түстім. Мұнда бізбен бірге жасөспірімдер де жарысты. Олар үшін тәжірибе жинауға таптырмас мүмкіндік болды. Көрсеткіштеріме көңілім толады. Үш күнде алты алтын медаль алдым. Енді аз-кем демалыстан соң келесі маусымға дайындықты бастаймын, – деді Алина Дауранова.

Ерлер арасындағы сында алматылық Абдумәлік Асқардың мерейі үстем түсті. Оны командаласы Михаил Глущенко мен елордалық Руслан Жанаділов қуып жете алмады. Конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындарында жалпы есепте Астана қаласы жеңіске жетсе, Қостанай облысы 2-ші, Алматы қаласының командасы 3-ші сатыға тұрақтады. Бұл жарысқа 8 облыс пен 2 қаладан барлығы 120 таңдаулы конькиші қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz