СҚО-да биылдан МӘМС аясында нейроэндоваскулярлық оталар жасалмақ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Былтыр 100-ге жуық эндоваскулярлық ота жасалса, биыл бас және мойын тамырларына нейроэндоваскулярлық операция жасау қолға алынбақ, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының мәліметінше, өңірде МӘМС аясында 78 медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде жекеменшік ұйымдар да бар.

— Биыл 64,6 млрд. теңгеге шарт жасалды. Қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 19% артты. 2019 жылы 740 мың қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың өзінде 7 млрд. теңгеге 3 млн 588 мың қызмет жасалған, ал негізгі үлесі (84%) – МӘМС қаражаты есебінен өтелді, — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының директоры Лариса Гордеева.

Сондай-ақ, облыста міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін оңалтуды дамыту қолға алынып, нәтиже бере бастады. Мәселен, 2019 жылы 85,7 млн. теңгеге 117 мың қызмет көрсетілсе, 2022 жылы халыққа 1 млрд. 140 млн. теңгеге 409,4 мың қызмет берілген.

— Облыстық және қалалық медициналық ұйымдар бұрын қаржы тапшылығына байланысты енгізілмеген жаңа технологияларды енгізіп жатыр. Соның бірі – артықшылықтары басым эндоваскулярлық әдістер. Олар аз травматикалық және жалпы анестезияны қажет ете қоймайды. Бұл отадан кейін ағзаның қалпына келуі тез. 94 эндоваскулярлық ота жасалды. Бұрын мұндай әдістер облысымызда қолданылмаған. 2023 жылға бас және мойын тамырларына нейроэндоваскулярлық араласулардың санын көбейту жоспарланған. Сондай-ақ, бас миының ісіктері тамырларын және артериовенозды даму ақауларын эмболизациялау енгізілмек. Мұндай операциялардың орташа құны 600 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін, — Лариса Гордеева.

Көпбейінді Петропавл қалалық аурухана базасында былтыр 1265 хирургиялық-ортопедиялық ота жасалса, салыстыру үшін 2021 жылы – 404, яғни 861 науқасқа қосымша көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жаңа әдістер де енгізіліп жатыр, мысалы, үлкен башайдың сыртқы қисаюын түзететін операцияның орташа құны 653 мың теңген. Өткен жылы осындай 78 ота жасалған.

— 2022 жылдың қараша айынан бастап ауыл тұрғындарына қосымша скринингтер енгізілді: 18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерде артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтау, 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерде тыныс алу органдарының ауруларын ерте анықтау, 18 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерде асқазан-ішек жолдарының және созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтау бойынша тексерістер жүргізіледі. Профилактикалық тексерулермен 13 аудандық медициналық ұйым айналысады, биыл бұл іс-шараға 2 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді, — дейді филиал директоры.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz