Қазақстан Республикасы үкіметі трамадолды есірткі құралдарының тізіміне енгізді. Енді бұл препаратты арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Үкімет Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» №470 қаулыға өзгеріс енгізді, — делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.