Петропавлда інжір ағашы жеміс берді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы ботаникалық бақта інжір ағашы жеміс берді, хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жергілікті бақ мамандарының сөзінше, інжір ағашы жылына бір рет көктем мезгілінде гүлдеп, жеміс береді. Биыл да жасыл желекті қасиетті Рамазан айында өнім әкелді. Інжір ағашының жемісі пайдалы тағамдардың қатарына жатқызылған. Ол ас қортуды жақсартып қана қоймай, инфаркт пен инсульттің алдын алуға көмектеседі.

— Аңыз бойынша інжір ағашының жапырақтары кезінде адамдардың ең алғашқы киімдері болған. Субтропикалық жапырақты өсімдіктің жапырақтары қыста толығымен түсіп қалады. Көктем мезгілінде бірден гүлдеп, жеміс береді. Інжір ағашының бір түрі күлгін түсті болып өссе,екіншісінің жемістері көлемі жағынан үлкендеу және сары түсті, – дейді ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов.

Інжір Петропавлға осыдан қырық жыл бұрын Грузияның Сухуми қаласынан жеткізілген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz