Петропавлда 39 дүкен ұрлығы тіркелді (ВИДЕО)

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері Петропавлда 39 дүкен ұрлығы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл полицейлерінің мәліметінше, соңғы кездері облыс орталығында дүкендердегі ұрлық фактілері тыйылмай отыр. Көбіне қылмыскерлер киім, азық-түлік өнімдері мен құлаққаптарға қызығады. Оның бірден-бір себебі, бұл тауарларды қайтадан сатуға болады, сондай-ақ сатушылар ұсақ-түйек заттарға көңіл аудармайды.
Полицейлердің сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын ұрылар шоколадқа қызыққан. Биыл қолының сұғанақтығы барлар арасында алкогольдік ішімдік «танымал» болып келеді. Тәртіп сақшыларының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай қылмыстық теріс қылықтарға көбіне наркологиялық есепте тұрған адамдар жасайды.

– Жыл басынан бері облыс орталығының дүкендерінде 201 ұрлық тіркелді. Оның 39-ы дүкендерде, негізінен супермаркеттерде орын алған. Қазіргі уақытта 10 факт бойынша материалдар сотқа берілді. Қылмыс құрамының болмауына байланысты үш іс тоқтатылды. Алты дерек бойынша жедел-іздестіру, қалғандары бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – дейді Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.

sddefaultplay btn

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабына сәйкес, ұсақ-түйек жымқыру сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылғанын еске салады полицейлер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz