СҚО велошабандоздары ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көрінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Түркістан қаласында велоспорттан қысқы ел біріншілігі өтті. Жарыста өңір намысын қорғаған спортшылар олжалы оралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тас жолда өткен велоспорттан чемпионатқа еліміздің түкпір-түкіпірінен келген велошабандоздар қатысты. Жасөспірімдер арасында командалық жарыста облыс құрамасы 40 шақырымдық қашықтықты еңсеріп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал топтық сында сайыс қатысушыларына 120 шақырымды бағындыру міндеті қойылып, Михаил Подлужный алтын жүлдеге қол жеткізді.

velo2

Жекелей сында 25 шақырымды бағындырған Михаил Подлужный күміс медальді иеленсе, критериум сайысында Мансұр Бейсембай бірінші, Максим Шнакинберг үшінші орынға жайғасты.

velosport

Ересектер арасында да жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Командалық жарыста облыс құрамасы 40 шақырымдық қашықтықты бағындырып, бірінші орынға ие болды. Топтық сайыста Владимир Мулагалеев алтын, Павел Воропаев қола медальдарды иеленді. Ал жекелей сында Даниил Марухин 25 шақырымдық қашықтықта бас жүлдені қанжығасына байлады. Критериумда тағы бір солтүстікқазақстандық велошабандоз Александр Семенов алтыннан алқа тағынды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz