Петропавлда аялдама әйнегін сындырған ер адам ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдың 20-шы шағынауданындағы аялдама-кешенінің әйнегін әдейі сындырған 21 жастағы қала тұрғыны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жалпы жыл басынан бері Петропавл қаласында аялдама павильондарын зақымдаудың 6 фактісі тіркелді. Полицейлер облыс орталығының осындай құрылыстары мен басқа да нысандарының зақымданғаны үшін жауапкершілік туралы еске салады.

– Бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша сараланатын, алайда 2023 жылғы 7 наурыздан бастап заңнамада бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма қолданысқа енгізілді. Енді Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 147-1-бабына (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес мұндай әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді. Ұсақ бұзақылық қайта жасалған жағдайда 15 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген, – деп атап өтті Петропавл қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмағамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz