Петропавл қаласындағы кітапханада Наурыз мерекесі тойланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мерекелік шараның шымылдығын Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншісі Ғалымжан Нұрпейісов әсем әнмен ашты. Содан кейін еңбек ардагері Амангелді Кенжеғозинов пен күйші Серікбай Құсайынов қазақтың бата беру дәстүрі туралы әсерлі сөз сабақтап, жиналғандарды әз-Наурызбен құттықтады. «Мұхсин» мешітінің имамы Абылай Құрмашев сәбиге ат қою дәстүрін көрсетіп, ақ жаулықты аналар шашу шашты.  Балалар ауылынан кешке арнайы шақыртылған өрендер де өз өнерлерін көрсетіп, мәдени шараның көрігін қыздыра түсті.

– Наурыз – халқымыздың төл мерекесі. Бұл күні адамдар бір-бірлеріне сәлем беріп, қыстан аман шыққандарына қуанады, өкпе-ренішті ұмытады. Біз бүгін балаларға арнап дастархан жайып отырмыз. Бүлдіршіндер қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, олардың дайындалу жолдары туралы айтып берді. Ән айтып, би билеген оларға сыйлықтар үлестірілді, — дейді кітапхана жанындағы ұлттық бөлімнің меңгерушісі Гүлмира Темірғалиқызы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz