242
Денсаулық сақтау министрлігі 29 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус инфекциясы туралы мәліметтерді жариялады. Осылайша, 95 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
1 713 адам COVID-19 (-1 536+ және 177 КВИ-) бойынша емдеуді жалғастыруда. Ауруханада 168 науқас, амбулаториялық емделуде 1545 науқас жатыр.
КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде:
жағдайы ауыр – 4 науқас,
өте ауыр жағдайда — 2 науқас,
жасанды тыныс алу аппаратында – 3 науқас.
Бір күн бұрын, 28 наурызда 85 жағдай тіркелді. 27 наурыз күні таңертең коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 жағдай тіркелді.