Ресей Қазақстанмен роумингті тоқтатады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
2025 жылға қарай Ресей Қазақстан, Қырғызстан және Армениямен ұялы роумингтен бас тартады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Ведомости» басылымының хабарлауынша, роумингті жою туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) одақтас мемлекеттердің барлық ірі ұялы байланыс операторларына және Ресейдің Экономикалық даму министрлігіне 2023 жылғы 16 наурызда жолдаған сұрауына қосымшада айтылған.

Құжат ресейлік басылымның қарамағында, оның түпнұсқалығын екі үлкен төрттік операторларындағы дереккөздер растады.

Бұған дейін Еурокомиссия Еуропалық Одақ (ЕО) мен Украина арасындағы Қауымдастық туралы келісім аясында еуропалық қауымдастыққа келетін украиналықтарды тегін роумингпен қамтамасыз етуді ұсынған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz