Су тасқынының алдын алу жұмыстары

Авторы: Qyzyljar News

Ауа райы күрт жылынып, қардың тез еруіне байланысты Петропавлдың кей аумақтарын су басуы мүмкін. Осы орайда құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отыра, су тасқыны қатерінің алдын алу мақсатында Былғары зауыты кентінде рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljar.tv сайтына сілтеме жасап.

Былғары зауыты кенті су тасқынынан зардап шегуі мүмкін аумақтардың бірі. ТЖД-інің мамандары су тасқынын алдын алуы және апатты жағдайды болдырмас үшін Былғары зауыты кентінің тұрғындары үшін арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында тұрғындарға жадынамалар таратылып, көктемгі су тасқыны орын алған жағдай да қандай іс-әрекет атқару керектігі айтылды.

Халықты бір жола үйдің аумағынан қарды тазалауды жинауды сұраймыз.Осы рейдтік іс-шара кезінде біз өрт қауіпті бар аймақтарды да аламыз.Ол көбінесе кәсіпкерлік органдар,кәсіпкерлік органдардың манайында өскен қамыстың кесірінен. көптеген өрттер шығады ол өткен жылғы жағдайлар бізге тәжірбие болып келді,- дейді Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының офицері Темірхан Сағындықов.

Рейдтік іс-шара барысында Былғары зауыты кентіндегі 109 жеке тұрғын үйде тұратын 460 -қа жуық адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазірдің өзінде үйлерін су басқан жағдайда Былғары зауыты кентінде орналасқан № 12 орта мектеп адамдарды қабылдай алады. Мұнда эвакуациялық пункт орналасқан. Айта кетейік Былғары зауытында су тасқыны соңғы рет 2017 жылы болған екен.

 – Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарына алғысымыз шексіз. Жыл сайын келіп су тасқының алдын алу шаралары жайында жадынамаларды таратып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады,-дейді Былғары зауыты кентінің тұрғыны Вадим Бакеев.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары су тасқынан бөлек өрт қауіпсіздігін де қатерден шығармауға кенес береді.Себебі көктем-жазғы кезеңнің басталуымен өрттін шығу қауіпі де жоғарлайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz