Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жанат Қабижанұлы Әміржанов облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жанат Әміржанов 1969 жылы Шал ақын ауданының Ольгинка ауылында дүниеге келген. Заманауи гуманитарлық академияны заңгер, Солтүстік Зауралье мемлекеттік аграрлық университетін құқықтану, ветеринария мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы туған жері — Ольгинкадағы кеңшарда бас ветеринарлық дәрігер болып бастаған. 1998-2012 жылдары Тимирязев ауданындағы Ишим ауылдық округінің, Шал ақын ауданына қарасты Ступин ауылдық округнінің әкімі болды, Сергеевка қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Шал ақын ауданындағы ветеринарлық станцияның директоры болып еңбек етті.