Қазақстан мен Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатты

Авторы: Qyzyljar News

Қостанай облысындағы Ресеймен шекарада орналасқан «Желқуар» автомобиль өткізу пункті су тасқыны салдарынан уақытша жабылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды, — делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметі таратқан хабарламада.

Көлік жүргізушілеріне осы жағдайды ескеріп, қозғалыс бағытын түзету ұсынылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz