СҚО полицейлері жоғалған 104 адамды тапты

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері облыс полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 104 адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақпан айында петропавлдықтар хабар-ошарсыз кеткен 52 жастағы азаматқа іздеу салу мақсатында полицияға жүгінді. Белгілі болғандай, қала тұрғыны үйден шығып, қайта оралмаған. Тәртіп сақшылары жоғалған ер адамның достарына, таныстарына хабарласқан. Кейін ол тұрғылықты жері жоқ адамдар арасынан жаңа таныстар тауып, қайыр сұрай бастағаны анықталды. Құқық қорғау органдарының мамандары ер адамды алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберуді ұсынды.

— Жоғалған адамдар өздерінің жоспарлары туралы хабарлауды ұмытып, табыс табу мақсатымен кететін жағдайлар да бар. Адамдардан туыстарының сезімдеріне құрмет көрсетуді, олардың қимылдары туралы алдын ала хабарлауды, жақындарымен байланысты жоғалтпауларын сұраймыз. Жыл басынан бері облыс бойынша хабар-ошарсыз кеткендер бойынша барлығы 104 өтініш тіркелді, бүгінде барлық жоғалған адамдардың орналасқан жері анықталды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz