Сәуірдің 1-і Петропавл қаласында аудандардың әлеуетті өнім берушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Алтын Арман» базарында – Айыртау, Тайынша, Шал ақын аудандарының;
«Қызылжар-Ақбастау» базарында – Аққайың, Қызылжар аудандарының;
«Дария» базарында – М. Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сауда жасайды.
Қала тұрғындарына қолжетімді бағамен ет, сүт өнімдері, көкөніс, жұмыртқа ұсынылатын болады.
Жәрмеңке 8.30-да басталып, 12.00-ге дейін өтеді.