СҚО мәслихатының төрағасы лауазымына Владимир Бубенко сайланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы болып Владимир Бубенко сайланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО мәслихатының мәліметінше, Владимир Бубенко 1954 жылы дүниеге келген. Қазіргі М.Жұмабаев ауданы Надежка елді мекенінің тумасы.

1976 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын бұрынғы Булаев ауданының Калинин атындағы кеңшарында аға диспетчер болып бастады.

1977 жылдан Булаев ауданы «Молодежный» кеңшарының МТШ меңгерушісі, кеңшардың бас инженері болды.

1979 жылы Булаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1982 жылдан Булаев ауданы «Медвежинский» кеңшарының бас инженері.

1984-86 жылдары СҚО Соколов аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас инженері болды.

1986-92 жылдары Соколов аудандық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігі төрағасының орынбасары, МТС базасының басқарушысы.

1992 жылдан — СҚО Соколов аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары — СҚО ААӨБ төрағасы.

1995 жылдан — СҚО Соколов ауданы әкімінің бірінші орынбасары.

1997-2004 жылдар аралығында Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары, Қызылжар ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2004 жылдың қаңтарынан СҚО әкімінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2004 – 2014 жылдары Есіл ауданының әкімі, М. Жұмабаев, Мамлют аудандарының әкімі болды.

2014 жылы СҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2016 жылдан бері СҚО мәслихатының төрағасы, осымен үшінші рет сайланып отыр.

Владимир Бубенко бір мандатты округтер бойынша СҚО мәслихатының депутаттығына №8 сайлау округі бойынша өткен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz