СҚО-да алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 46 нысан салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 46 нысанның құрылысы жоспарлануда. Оның 9-ы биыл салынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы жылы Петропавлда екі емхананың құрылысы аяқталады. Әрқайсысы 250 орынға шақталған.

– Өткен жылы облыстың денсаулық сақтау мекемелерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 3,4 млрд. теңге бөлініп, 225 қондырғы сатып алынды. Сондай-ақ автопарк 15 санитарлық көлікпен толықты. Оған 267,7 млн. теңге жұмсалды.

Биыл ұлттық жоба аясында Тайыншадағы көпсалалы аудандық ауруханасын медициналық құралдармен жабдықтау үшін 919,3 млн. теңге қарастырылған. Бұған қоса, емдеу мекемесінде 477 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар, – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.
2022 жылы облыста «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары 4 денсаулық сақтау мекемесінде жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz