Жылу және электр желілерін жаңартуға 12 млрд. бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» акционерлік қоғамы  директорлар кеңесінің мүшесі, «Севказэнерго» акционерлік қоғамының  құрылтайшысы Сергей Канмен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.  «Менің шақыртуыммен өңірімізге Сергей Кан келді. Кездесу барысында  №2 жылу-электр орталығының жай-күйі және жылу желілерін жаңғырту бағдарламасы талқыланды», — деп жазды Айдарбек Сапаров.

Алғашында құрылтайшылар станса қондырғыларын салу және жөндеуге 6 млрд. теңге бөлуді жоспарлаған еді. Жиында Сергей Кан бұл соманың 9 млрд. теңгеге дейін өскенін айтты. Аталмыш қаржыға қазандықтар жөнделіп, жаңа мұржа салынады.

Тағы 3 млрд. теңге жылу және электр желілерін жаңартуға  бағытталады. Жалпы, биыл құрылтайшылар компанияның өз қаражатынан 12 млрд. теңге бөледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz