СҚО-да заңсыз ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Наурыздың 30-ы күні әлеуметтік желіде «Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» құрылғаны жөнінде бейнеролик таралды. Аталған факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті СҚО департаменті Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігімен (БАҚ пайдалана отырып адамдар тобымен сепаратизмді насихаттау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» деп аталатын заңсыз ұйымның отырысы наурыздың 19-ы күні өткен болатын. Арада бірнеше күн өткен соң аталмыш жиын туралы бейнеролик әлеуметтік желіде кең таралып кетті. Сепаристік көзқараста өткен шараға қатысқан азаматтарды анықтау мақсатында облыстық полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің тергеушілерінен құралған жедел-тергеу тобы құрылды.

– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізілуде, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етiлуге жатпайды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында, – деп жазады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz