СҚО-да малға екпе салу жұмыстары қызу жүргізілуде. Вакцинация ақпан айында басталып, мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамлют ауданында 1 вакцинациялық стансия мен 13 ветеринарлық қосын бар. Мамандар ақпан айынан бері ауылдардағы жануарларға екпе салуда. Ауданға қарасты Воскресеновка елді мекенінде 300 шақты үй бар, оның 100-ге жуығы төрт түлік ұстайды. Ветеринарлардың есебінше, қара малдың – 300, қойдың 800-і бар.
– Бүгінге дейін аудан бойынша 12 мың бас ірі қара мал, 4 мың ұсақ мал бруцеллезге тексерілді. Сібір жарасына қарсы 4 мың ірі қара мал және 6 мың ұсақ мал егілді, – дейді Мамлют аудандық ветеринарлық станцияның директоры Людмила Черноусова.
Ақпан айынан бері облыста аса қауіпті ауруларға қарсы 810 мыңнан астам мал мен құсқа екпе салынды.