Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайынжаджы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 

— Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылсын, — делінген хабарламада.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • 1998-1999 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
  • 1999-2003 жылдары – ҚР Малайзиядағы атташесі.
  • 2003-2004 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
  • 2004-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
  • 2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
  • 2007 жылы – ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
  • 2007-2011 жылдары – ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
  • 2011 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
  • 2011 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
  • 2011-2014 жылдары – ҚР Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
  • 2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
  • 2016-2019 жылдары – ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
  • 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі.
  • 2021-2022 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
  • 2022 жылғы қаңтар – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz