2022 жылдың наурыз айымен салыстырғанда қант 77%, кір сабын 73,3%, кеңсе тауарлары 72,8%, балалар сабыны 55,6%, пияз 55,1%, ыдыс жууға арналған құрал 53,9%, кептірілген өрік 53,6%, дәретхана қағазы 49,5% қымбаттады. Керісінше, жылдық көрсеткіште қырыққабат 51,1% арзандаған.
Тұтыну бағасының индексі бір айда 0,9% болып, өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмендеді. Мәселен, 2023 жылғы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 1,1%, азық-түлік емес тауарлардың, ақылы қызметтердің әрқайсысы 0,8% өсті.
— Азық-түлік өнімдерінен көкөністер наурызда, мысалы, қызанақ 12,7%, тәтті бұрыш 4,9%, қырыққабат 4,5%, қызылша 3,6% қымбаттады. Күріш (3,4%) пен алкогольдің (3,3%) қымбаттағаны байқалды. Айран 2,5%, сүт 2,8%, банан 2,2%, сиыр еті мен ашытылған сүт өнімдері 2,1%, сары май 1,4%, кептірілген жемістер мен жаңғақтар, кондитерлік өнімдер 1,3%, қияр 7,3%, қант 2,1%, қарақұмық 2% арзандады, — Ұлттық статистика бюросы.