Петропавл полицейлері жол қозғалысы қатысушыларына қырағы болуға кеңес берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл жолдарында қар еріп, көшелерге мотоциклдер, скутерлер мен велосипедтерді тізгіндегендер шыға бастады. Салдарынан жол-көлік апаттарының орын алу қауіпі жоғарылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Наурыз айының соңында Потанин көшесінде «Lada Kalina» маркілі көлігі мен скутер жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан қос доңғалықты тізгіндеген қала тұрғынына медициналық көмек көрсету қажет болды.

Полицейлердің ақпаратына сәйкес, бұл жол-көлік оқиғасында автокөлікті тізгіндеген жүргізуші кінәлі болып шықты. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 606-бабы бойынша хаттама толтырылды. Теміртұлпар арнайы автотұраққа орналастырылды.

– Естеріңізге сала кетейік, көлемі 50 текше см-ден аспайтын, конструктивті жылдамдығы 50 км/сағ-тан аспайтын ішкі жану қозғалтқышы бар мопедтер мен оларға теңестірілген қозғалыс құралдарын 16 жасқа толғаннан кейін басқаруға рұқсат етіледі. Бұл үшін жүргізуші куәлігі қажет емес, бірақ жол қозғалысы ережелерін толық білу және сақтау қажет. Маусымаралық кезеңдегі ауа-райында ерекше сақ болу керек, – дейді Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz