243
Соңғы тәулікте Қазақстанның қалалары мен облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 73 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 5 сәуірдегі таңғы жағдай бойынша 1834 адам ковидтен ем алуды жалғастыруда.
Ауруханада 175 науқас жатыр.
1659 науқас амбулаторлық емделуде.
Жұқтырғандардың жалпы санынан:
• жағдайы ауыр – 5 науқас,
• аса ауырлық жағдайында – 0,
• желдеткіште — 0.
3 сәуірде вирусты жұқтырудың 28 жағдайы тіркелді. Бір күн бұрын елде коронавирус жұқтырған 45 жағдай анықталды.