СҚО-да қару-жарақ жасырылған орын табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Солтүстікқазақстандық полицейлер жедел ақпаратты тексеру кезінде Петропавлда ҰҚК және ҚАЖ департаментімен бірлесіп қару-жарақ жасырылған орынды тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінің шетінде скотчпен оралған қара кенеп қапшық табылды. Ішінде аңшы шолақ мылтығы, болжам бойынша Байкал маркалы тапанша, белгісіз маркалы револьвер, РГД-5 гранатасының муляжі болды.

Бұдан бөлек, тегіс ұңғылы және иір ойықты қарудың оқ-дәрілері болды: 7,62 мм 30 патрон, 16-шы калибрлі 53 патрон, 12-ші калибрлі 2 патрон, 5,6 мм 6 патрон, 9 мм 145 патрон.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Олар сот-баллистикалық сараптамасына жіберіліп, атуға жарымдылығы және қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған тұлғаны анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Полицейлер ескерткендей, ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мерзімге айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz