СҚО-да керамикалық кірпіш шығарылатын болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда 2024 жылы керамикалық кірпіш өндірісі қолға алынады. Жаңа зауытты тұрғызуға 9,2 млрд. теңге жұмсалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы «TFA GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп, кірпіш өндіру жобасын пысықтауда. Зауыт ашылса облыс орталығында 105 жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестор кәсіпорынды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында тұрғызбақ.

– Қазіргі уақытта жобалау алдындағы және іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған. Негізгі қызмет түрі – керамикалық кірпіш өндірісі. Жобалық қуаттылығы жылына 37 млн. дана деп күтілуде, – дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Дархан Әмірин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz