Пауэрлифтингтен Ресейдің Екатеринбург қаласында ашық Еуропа кубогы өтті. Жалпыресейлік фестивальге солтүстікқазақстандық спортшылар да қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биылғы халықаралық жарысқа әлемнің екі жүзден астам спортшысы қатысуға ниет білдірді. Жерлестеріміз Юрий Яшин мен Сергей Замалиев штангыны жатып көтеруден сынға түсті.
Юрий Яшин 85 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 250 килограмды бағындырып, алтын медаль тағынды. Сергей Замалиев болса, 350 килограмды еңсеріп, бірінші орын иегері атанды. Осылайша жерлестеріміз Еуропа, Әлем және Ресей рекордтарын жаңартты.