СҚО әкімі жұмыс сапарымен Айыртау ауданында болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы Антоновка ауылындағы «Борисфен» ЖШС-ның жаңа тауарлы сүт фермасында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа өндіріс ошағын тұрғызуға серіктестік басшысы 1 млрд. теңгеге жуық инвестиция құйды.

– Сүт фермасын ашуға кәсіпкер «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан жеңілдетілген несие алды. Енді жаңадан тұрғызылған кешен тәулігіне 5 мың литр сүт өндіре алады. Нәтижесінде елді мекенде қажетті жұмыс орындары ашылды, – деді СҚО әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл өңірде 13 тауарлы сүт фермасының құрылысы басталады. Жыл соңына дейін 8-і іске қосылады. Жалпы, биыл облыста аграрлық салада 38 инвестжоба жүзеге асады, оның ішінде майды экстракциялау зауыты, сүт фермалары, бройлерлік құс фабрикасы, қой фермалары мен жылыжайлар бар. Бұл экономикалық маңыздағы нысандардың ашылуымен 1 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz