Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан келген. 19,3%-ы Қытайдан, 6,3%-ы Түрікменстаннан, 5,3%-ы Моңғолиядан, 13%-ы Ресейден және 3,7%-ы басқа елдерден оралды.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3% және зейнеткерлер 8,6% болды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы жоғары білімді, 39,9%-ы орта кәсіби білімді, 36,7%-ы жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды.