277
8 сәуірде Петропавлдағы жолаушылар автобусының салонында аяғы қайғылы жағдайға әкеп соқтыра жаздаған оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Өңірдегі полиция қызметінің мәліметінше, 5 «М» бағытындағы автобус жолаушысы аялдамадан өтіп кеткендіктен, жолақысын төлемей, ортаңғы есіктен шықпақ болған.
Автобус тоқтаған кезде ол жүргізушіні тұншықтырып, тағы бір жолаушыны тепкілей жөнелген.
Назар аударыңыз! Бейнежазбада балағат сөздер айтылған!
— Бұл факті бойынша полиция қызметкерлері облыс орталығының 67 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.